Алматы әуежайында 100 млн теңгенің контрабандалық тауары анықталды

65

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы әуежайында 100 млн теңгенің контрабандалық тауары анықталды

Көлік прокурорлары 100 млн теңгеден астам контрабандалық тауарларды мемлекет кірісіне айналдырды.

Соңғы жылдары Қазақстанда контрабандаға қарсы күрестің өзектілігі арта түсуде, бұған Алматы әуежайындағы кедендік бақылау кезінде анықталған жағдайлар дәлел.

Мысалы, пошталық сәлемдемелердің бірінен АҚШ-тан ойыншық түрінде жалған құжаттармен гауһар тастары бар зергерлік бұйымдар табылды.

Көлік прокуратурасының талап- арызы бойынша Түрксіб аудандық соты тәркіленген жалпы құны 60 млн теңгені құрайтын зергерлік бұйымдарды мемлекет меншігіне өткізді.

Алматы көлік прокуратурасының тағы бір талап-арызы бойынша сот Түркиядан геотекстиль атын жамылып келген жалпы құны 48 млн теңгеден асатын тауарларды мемлекет кірісіне айналдырды.

Контрабанданы анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр, – делінген хабарламада.

сурет: istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/251292-almaty-uezhaiynda-100-mln-tengenin-kontrabandalyk-tauary-anyktaldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.