Қазақстандағы IT мамандарының жалақысы белгілі болды

22

 

Министр мамандардың орташа жалақысын айтты.

«2023 жылы ІТ мамандарының орташа айлық жалақысы 588 мың теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 35 пайызға артық, бұл білікті кадрларға және бәсекеге қабілетті еңбек жағдайларына деген жоғары сұранысты көрсетеді», – деді Жасұлан Мәдиев.


Қазақстандық шенеуніктер шағын жалақыға жұмыс істегісі келмейтіндерді жәрдемақыдан айыруды ұсынды


Мәдиев сенаттың жалпы отырысында мәлім еткендей, 2023 жылы Қазақстанның IT-индустриясы өзінің қарқынды өсуін жалғастырып, жұмыспен қамту үшін ең тартымды салалардың біріне айналды. IT-компаниялардың саны 17 922-ге жетті, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 11 пайызға артық.

Ақпараттық технологиялар саласындағы жұмыспен қамту да 12 пайызға өсіп, 187 мың адамға жетті. Министр қызметкерлер санының артуы саланың кеңейіп, жаңа жұмыс орындарының ашылғанын көрсетеді деп атап өтті.

Еске салсақ, осыған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы ең жоғары жалақысы бар салаларды атаған болатын.

Фото: pixabay.com

https://stan.kz/kazakstanda-it-mamandarinin-zhalakisi-belgili-boldi-408860/

Leave A Reply

Your email address will not be published.