Бүгін Сарысу аудандық мешітінде 2000-ға жуық тұрғынға елімізде оның ішінде аудан аумағында алып жатқан түрлі келеңсіз жайттар мен жазатайымдарға байланысты “құдайы ас” беріліп, құран оқылып барша жамағат дұға жасады.![]()

Аталған игі шараға облыстық мешіттің найб имамы Н.Бақытұлы және облыстық мешіттің “Дін мен дәстүр” бөлімінің меңгерушісі Ғ.Амирбеков қатысты.![]()

Сонымен қатар, жаны жайсаң азаматтар тарапынан ірі қара мен ұсақ малдар құрбандыққа шалынып, әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасыға және аудандық аурухана мен инфекциялық аурухана бөліміне піскен тағамдар таратылды.![]()
