Айшабибі ауылдық мәдениет үйінде Р. Қошқарбаевтың туылғанына 100 жыл толуына орай «Жеңіс туын желбіреткен» атты тақырыпта іс шара өтті.
Іс шара мақсаты оқушыларға 1941-1945 жылдар аралығында болған Ұлы Отан соғысы және сол соғыстың тарихи маңыздылығы туралы мағлұмат беру, елі мен жері үшін ерлік көрсеткен ата-бабаларымызға тағзым ету арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерімен достығын нығайтуға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында Айшабибі орта мектебінің 8 «А» сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғағанын, әрбір ауыл, әрбір қала неміс басқыншыларымен аянбай шайқасқанын, 1945 жылдың 30 сәуірінде жеңіске бірнеше күн қалған кезде Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккенін, биыл Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толып отырғаны туралы баяндалды.