Тренинг – тәрбиенің бір тетігі

96

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде сотталғандармен тәрбиелік жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Тәрбиелеу процесінің бір бағыты – мекеме психологының сотталғандар арасында әртүрлі тренингтер өткізу.

Осы мақсатпен жуырда мекеменің психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлері сотталғандар арасында тренинг өткізді. Шара барысында психолог маман психологиялық ауытқу байқалған сотталғандардың бір-біріне құрмет көрсетуін, мейірімділік, адамгершілік танытуы, ата-аналары мен туған-туыстарына сезімдерін білдіруі тұрғысында дәріс оқыды. Одан соң оларға түрлі тапсырмалар түріндегі терапия жүргізіп, өз ойларын, ішкі жан-дүниесін білдіруге баулыды.

– Мекемедегі сотталған азаматтар ішкі дүниесінде болып жатқан түрлі құбылыстарды психологтармен, яғни, бізбен сөйлесу арқылы білдіріп отырады. Бұл азаматтармен тренинг өткізу олардың өзіне деген сенімділігін, өмірге деген құштарлығын оятады. Жаза басып, жаңылғандарға сенім беріп, өмірге оң көзқарасын қалыптастыру – біздің міндетіміз, – дейді мекеме психологтары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.