АҚШ азаматтары асырап алған қазақ қызы Динара өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды.
Бұл туралы «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы, журналист Жанар Байсезім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
Америкадан жеткен суыт хабар жып-жылы болып тұрған күздің күнін суытып жіберді. Бір сәтте айналамдағы әсем бояулар қарайып, шайылып кетті.
Бұл қалай болғаны, неге, не үшін?!
Сұрақ көп, жауап жоқ…
Неткен өкініш…
Неткен қасірет…
Динара, кешір мені, кеш бізді…
Рухың пейіште шалқысын.
Жап-жарық едің…
Қош бол, Жарық Күн.
P.S. Динараның қазасын туған анасына қалай айтарымды білмей, құлазып отырмын, — деп жазды Жанар Байсеміз.
Фото: Жанар Байсезім парақшасынан