ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘДІСКЕРЛЕРІ МЕН ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРЫНА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ

41
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Облыстық психологиялық қолдау орталығы» қызметінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 9 қазан күні Жамбыл облысының психолог әдіскерлері мен педагог-психологтарына арналған «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377 бұйрығының қосымшасы», «Балаларды жәбірлеу профилактикасының қағидаларын бекіту туралы» Оқу ағарту министрінің 2022 жыл 21 желтоқсанғы №506 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығы тақырыптарында онлайн семинар-практикум өткізілді. Кездесу психологиялық қолдау орталығының басшысы Райф Ришат Еркінұлының сөзімен басталды. Орталық басшысы семинар-практикум қатысушыларына жалпы психологиялық қызметтің Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377 бұйрығына сүйене отырып жұмыс жасайтынын айтып өтті.
▶️Орталық басшысының орынбасары Ермекбаева Меруерт Асановна «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 25 тамыздағы №377 бұйрығының қосымшасы» тақырыбына тоқталып өтті. Орталықтың психологиялық жұмыс бөлімінің басшысы Исмаилова Айгерим Кошкарбековна «Правила деятельности психологической службы в организациях среднего образования дополнение №377 приказу» тақырыбында сөз қозғады. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №6 бұйрығы» тақырыбында орталық басшысының орынбасары Ермекбаева Меруерт Асановна баяндады.
«Балаларды жәбірлеу профилактикасының қағидаларын бекіту туралы» Оқу ағарту министрінің 2022 жылдың 21 желтоқсанындағы №506 бұйрығына облыстық психологиялық қолдау орталығының әдіскері Есимбеков Жақсыбек Бекұзақұлы тоқталды.
✅Кездесу соңында, мектеп психологтарының қойылған сұрақтарына жауап берілді. Жиналысқа жалпы 405 педагог-психологтар және әдіскерлер қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.