Жамбыл облысында жаңадан туған нәрестелерге қойылған ең танымал есімдер аталды

26

2024 жылдың өткен 9 айында Жамбыл облыстық АХАТ бөлімінде 7 966 туу туралы акт жазбалары тіркелген. «Азаматтарға арналған үкімет» Филиалының хабарлауынша, жаңа туған ұлдар арасында-  Айсұлтан есімі, қыз балалар арасында — Асылым есімдері танымал болған.

Айта кетейік, биылғы жылы өңірде Айсұлтан есімімен 189 ұл бала тіркелді. Мұхаммед есімімен 182 бала тіркелсе, үшінші орынға аз ғана айырмашылықпен Мухаммад есімді  180 бала  жайғасты.

Ал қыз балалар арасында танымал есімдер – Асылым (290), Медина (287) және Айлин (280).

Жаңа туған нәрестелер арасында Алихан, Алдияр, Амир, Омар, Айша, Айым, Аяла, Айкөркем есімдері де жиі кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, баланың тууын тіркеуге өтініш берудің бірнеше тәсілі бар: ХҚКО арқылы, электронды үкімет порталы арқылы немесе екінші деңгейлі банк қосымшалары арқылы. Сонымен қатар, азаматтарға баланың тууын проактивті форматта тіркеу қызметі де қолжетімді.Яғни, бала туғаннан кейін бір тәулік ішінде баланың анасына қызмет көрсету үшін қажетті ақпаратты алу мақсатында кезең-кезеңмен сұрату арқылы 1414 нөмірінен құттықтау SMS-і келеді.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалының PR-менеджері

Leave A Reply

Your email address will not be published.