Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесі ұжымы бірқатар қызметкерлерін құрметті еңбек демалысына,ығни зейнеткерлікке шығарып салды. Салтанатты шараға мекеме бастығы,оның орынбасарлары және жеке құрам қызметкерлері қатысты. Мекеме бастығы әділет полковнигі Руслан Уразметов ұзақ жылдар бойы қылмыстық-атқару жүйесіне мінсіз қызмет етіп, улкен еңбек сіңірген қызметкерлерге адалдығы мен кәсібилігі үшін ризашылығы мен алғысын білдіріп,иықтарына шапан жауып, зейнеткерлердің құрметіне концерттік бағдарлама тарту етті.
Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет! Қуаныштарыңыз құтты болсын! Зейнет демалыстарыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, отбасы-Отанда, ұл-қыздардың ортасында балқыған бақытқа толсын! Өмір жолдарыңыз ұзақ болып, көрген бейнеттеріңіздің зейнеті денсаулық, бақыт, байлық алып келсін!