КІТАПХАНАШЫЛАР МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

99
Ш. Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері «Кәсіп — игергендікі, жұмыс — еңбектенгендікі» жобасы аясында «Халыққа қызмет — мерейлі міндет» тақырыбында Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының қызметімен танысты.
Медицина қызметкерлері — адам өмірінің сақшысы. Заман дамуы мен қоғам қажеттілігіне байланысты мамандықтар тізбесі үнемі жаңарып, өзгеріп отырса да, ерте заманнан бері келе жатқан көне де қадірлі дәрігер мамандығы қаншама ғасырлардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді.
Осы орайда кітапханашылар Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының жоғары санатты хирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сағындық Ордабековпен кездесіп, емханасының қызметімен танысты.
Кездесу барысында жанына шипа іздеп келген жанның қас-қабағына қарап, сырқатынан емделу мен айығуына бар күшін жұмсап, арын үстіндегі аппақ халатындай сақтаған медицина қызметкері ғана көптің көңілінен шыға алатыны жайлы айтты. Қарапайымдылықты жанына жақын тұтатын білікті дәрігерлердің күнделікті жұмысынмен таныстырып, әлемдегі ең маңызды да, мерейлі және жауапкершілігі де мол сала екенін ашып түсіндірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.