Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды

786

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды.

«Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін, мәнісін, Отанымызды өркендету жолындағы олардың маңызын жіті түсінуі тиіс. Оны біз жеткізе білуіміз керек. Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымызды ортақ мақсатқа жұмылдыру аса маңызды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болды. Қоғамдағы жаңғыру үрдістеріне тың серпін берді. Оған қосымша «Бес әлеуметті бастаманы» айттық. Бұл бастаманы ары қарай жалғастырып қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен, жаңа бағыттармен кеңейтуіміз қажет», — деді Президент.

Мемлекет басшысы жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау — мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиістігін атап өтті.

«Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қазақстан халқына биылғы Жолдауын жариялады.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.