Талдықорғанда балабақша тәрбиешісі баланы ұрып жіберген (видео)

30

Фото: видеодан скриншот

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап қызу талқыға түскен. Кадрлардан тәрбиешінің балалардың жанына келгенін көруге болады. Кейін бүлдіршіндерінің бірінің басынан ұрып жіберген.

Жетісу облыстық прокуратурасы аталған дерекке қатысты тескеріс бастаған.

«Бұл дерек бойынша Талдықорған  қаласы полиция басқармасына нұсқау берілді. Осы факті облыс прокуратурасының бақылауында», — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда мектеп пен балабақшаларда асхана мәзірін жаңарту ұсынылғаны туралы жазған едік.

https://stan.kz/taldikorganda-balabaksha-tarbieshisi-balani-yrip-zhiber-407009/

Leave A Reply

Your email address will not be published.