АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері туберкулезге қарсы диспансер қызметкерлерімен кездесті.Кездесу барысында атом электр станциясының маңызы мен еліміздің экономикасына пайдасы талқыланды. Өз кезегінде Халықтық штабтың мүшелері азаматтардың сұрақтарына жауап беріп пікір алмасты.
«Тұрақты және сенімді энергиямен қамтамасыз ету – экономиканы, әлеуметтік саланы дамытудың және халықтың жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етудің негізі», – деді штаб мүшесі Марина Быкова.
Атом энергетикасы – ескі қуаттылықтарды ауыстырудың ең перспективалы шешім. Ол белгіленген баға бойынша тұрақты және болжамды энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етеді және «жасыл» энергия санатына жатады.
https://turkystan.kz/article/249508-aes-zhasyl-energiia-sanatyna-zhatady