Электронды сот ісін жүргізудің артықшылықтары

65

Сот төрелігін жүзеге асыру процесінеақпараттық технологияны кеңінен енгізу бул соттардың ашықтығы мен обьективтілігін айқындайтын электронды инновациялық жүйені енгізуді жəне сот жүйесінің халыққа барынша қолжетімді болуын қамтамасыз етуді, республика соттарында сот төрелігін іске асыру процесін анағұрлым жетілдіру, сот қызметіне интернет арқылы қол жеткізуде жəне сот процесінің анықтығын қамтамасыз етуге ықпал ететін жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылуда.

Мұндай заманауи озық технологиялардың қолданылуы судьялар мен сот мəжілісінің хатшыларының жүктемесінің жеңілдеуіне, сот ісін жүргізу рəсімін жеңілдетуге ықпалын тигізіп, халықтың сотқа қолжетімді бола түсуіне жəрдемдесуде. Қағаз бетіне түсірілетін құжаттар жаңа инновациялық бағытпен халыққа тиімділік беретін «Төрелік» жүйесінде электронды түрде сақталады.

Сандық электронды қолы бар ел азаматтары уақыттарын үнемдей отырып, кез-келген уақыттаинтернет желісі арқылы талап арыздарын, шағым мен наразылықтарын жолдай алады. Тұтынушы өзіне ыңғайлы кез келген уақытта сот құжатын қарап, істің тарихымен, деректермен танысып, сот актісін басып шығара алады.

Сот құжаттарымен танысу жүйесі ашықтық пен жылдамдықты қамтитын электронды сот құжаттарымен танысуға арналған. Яғни, сотқа талап арыз өткізген азамат қолма- қол құжаттың тіркелгендігін растайтын түбіртекті алады. Соңынан ұялы телефоны арқылы логин мен құпия сөз көрсетілген электронды хабарлама алып, сол ақпараттарды енгізу жолымен шығарылған сот актісімен танысу мүмкіндігіне ие болады.

Электрондық сот ісін жүргізу судьялар мен сот мамандарының біліктілігін үдемелі көтерілуіне, жаңа технологияны игеру арқылы сот қызметкерлерінің одан əрі мамандануына ықпалын тигізеді.

Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің бас маманы сот отырысының хатышсы Байсенгиров Е.А.

Leave A Reply

Your email address will not be published.