АПВ-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ МЕКТЕП МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТТЕРІ МЕН ЕМХАНАЛАРДА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ

48

Достар, біз сіздерге адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау туралы ақпараттандыруды жалғастырамыз. Вакцина тегін негізде білім беру ұйымдарының егу кабинеттері, яғни мектеп медициналық кабинеттері арқылы қолжетімді болады.

Сондай-ақ, ата-аналардың қалауы бойынша вакцинациялауды тіркелген жері бойынша емханалардан алуға болады.

Вакцинациялауды баланың ата-анасының немесе қамқоршысының ақпараттандырылған келісімімен алуға болатынын еске сала кетейік.

АПВ-ға қарсы вакцинациялау қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда дәрігердің тексеріп-қарауынан кейін жүргізіледі.

АПВ-ға қарсы вакциналар стандартты 0,5 мл көлемде дельтатәрізді иық бұлшықеті ішіне салынады.

ДДҰ ақпаратына сәйкес вакцинациялау кестесі негізінен егілген адамның жасына байланысты анықталады.

ДДҰ ұсынымын, өндірушінің нұсқаулығын, Қазақстан Республикасында халықты иммундау жөніндегі сарапшылардың Ұлттық техникалық консультациялық тобын ескере отырып, 6 ай интервалмен 2 дозадан тұратын қыздарға арналған АПВ-ға қарсы вакцинациялау кестесі ұсынылды.

 

АПВ-ға қарсы вакцинациялауды қоса алғанда кез келген вакцинациялау ақпараттандырылған келісімді алғаннан кейін ғана жасалатынын айта кеткен жөн.

Leave A Reply

Your email address will not be published.