АПВ-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАҒА КЕЙБІР ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕР ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?

53

Біз папиллома вирусынан (АПВ) вакцинациялау туралы жарияланымдар сериясын жалғастырамыз және қазір әлемнің 135 елінде сәтті қолданылылып жатқан иммундық препараттың қауіпсіздігі туралы айтамыз.

Дәрігерлер профилактикалық егулерден кейін аз уақыттың ішінде организмнің жеңіл реакциясы болуы мүмкін екенін ескертеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, әлемде АПВ-ға қарсы вакциналардың 270 миллион дозасын қолдану жағымсыз реакциялар тудырмады.

Қарсы көрсетілімдерге келетін болсақ, өндірушінің нұсқауларына сәйкес АПВ-ға қарсы вакцинаны  енгізуге келесі қарсы көрсетілімдер анықталды.

1) әсер етуші заттарға немесе вакцина құрамына кіретін кез келген қосалқы заттарға жоғары сезімталдық;

2) вакцинаны алдыңғы енгізуге анамнезінде анафилактикалық реакция;

3) жіті инфекциялық ауру немесе орташа немесе ауыр дәрежедегі созылмалы аурудың өршуі;

4) дене температурасының 38 °С жоғары көтерілуі;

5) 9 жасқа дейінгі балалар (вакцинаны қолдану 9 жасқа дейінгі балаларда зерделенбеген).

Leave A Reply

Your email address will not be published.