Тараз қаласында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде

75
Әсіресе, шаһар маңындағы шалғай алқаптарға ерекше екпін түсірілген.
Атап айтсақ, биыл «Барысхан» алқабындағы 8 көшені жөндеуден өткізу жоспарлануда. Қазіргі таңда Қуанышбеков, Қызылқайнар 1, Сарыбас ақын, Рахмати көшелеріне асфальт төселсе, қалған Ақбұлым, Алматинская, Алыптегiн, Қызылқайнар 2 көшелерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Осылайша, мердігер мекеме «UNISERV» ЖШС-мен қолға алынған жобаға сәйкес, жалпы ұзындығы 16,2 километрді құрайтын 24 көше тақтайдай тегіс жолдың игілігін көреді. Нысан келесі жылға өтпелі.
Былтыр тұрғындардың сұранысы бойынша негізгі қоғамдық көлік жүретін бір көше толықтай асфальтталған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.