АЭС: Зауыт пен фабрика көптеп ашылса, энергетика саласындағы жағдай күрт нашарлауы мүмкін

60

АЭС: Зауыт пен фабрика көптеп ашылса, энергетика саласындағы жағдай күрт нашарлауы мүмкін
 58

Жаңақорғандық қариялармен кездескен қызылордадағы Халықтық штаб мүшесі Серік Дүйсенбаев АЭС салудың негізгі факторларын атап өтті.

«Қазіргі уақытта елімізде электр энергиясының жетіспеушілігі байқалуда, ал болашақта зауыттар мен фабрикалардың көптеп ашылуымен энергетика саласындағы жағдай күрт нашарлауы мүмкін. Елімізде АЭС салу ел ертеңі үшін маңызды қадам. Бұл үздіксіз электр энергиясын өндірудің әлемдегі ең озық тәсілі. Мұнымен алдағы туындайтын мәселелердің алдын алуға негіз бар»,- деді Серік Дүйсенбаев.

Ал штаб мүшесі Нұриддин Әмитов болашақ ұрпақтың жайлы өмір сүруін қаласақ, бұл мәселеге бей-жай қарамауға шақырды. Бұл бір күндік емес, болашақтың еншісіне тиесілі дүние екенін атап өтті.

Халықтық штаб мүшелері Серік Дүйсенбаев, Жорабек Нұрымбетов және Нұриддин Әмитов әрі қарай ауданға қарасты М.Нәлібаев ауылында болып, ауыл тұрғындарымен пікірлесті.

Онда Мемлекет басшысының Жолдауындағы халықтың тұрмысын жақсартуды көздейтін жүйелі экономикалық өзгерістер мен АЭС –тің стратегиялық маңызын атап өтті.

Мәселен, Серік Дүйсенбаев: бүгінгі күні жасыл энергияны пайдалану дамыған елдерде қарқынды жүзеге асуда. Қазақстан — уран қоры бойынша әлемде жетекші орын алатын мемлекет. Еліміздегі уран қорының жеткіліктігі, оны өндіру саласындағы тәжірибе Қазақстанды атом энергетикасы үшін табиғи серіктес етіп отыр. Мамандар тарапынан елдегі энергетикалық қажеттіліктерді ескере отырып, атом энергетикасы экономикалық тиімділік тұрғысынан қолайлы екенін және климаттың өзгеруімен күресудің бір жолы ретінде қарастырылып отырғандығын атап өтсе, штаб мүшесі Жорабек Нұрымбетов бұл шешімдер еліміздің энергетикалық саясатына әсер етумен қатар, экологиялық тұрғыдан да жағымды әсер қалдыратындығын жетікізді.

Жалпы ауданда болған кездесулер қорытыныдысында азаматтардың ортақ оң пікірі қалыптасып отырағандығын байқауға болады.

https://turkystan.kz/article/248748-aes-zauyt-pen-fabrika-koptep-ashylsa-energetika-salasyndagy-zhagdai-kurt-nasharlauy-mumkin

Leave A Reply

Your email address will not be published.