Президент: Біз берік экономикалық негіз қалыптастырдық

666

20 жыл ішінде елімізге 300 млрд АҚШ долларынан астам тікелей инвестиция тартылды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында мәлім етті.

«Еліміз бен Астанамыз халықаралық қауымдастық сенетін жерге айналды. Біз Еуразия өңірінің қаржылық, іскерлік, инновациялық, мәдени орталығы ретінде және өзіміздің болашағымыздың межесі ретінде қамтамасыз ету үшін жаңа елордамызды салдық. Ол бүкіл халқымыздың қуанышы мен мақтанышына айналды. Халық саны осы жылдардың ішінде 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа дейін артты. Тәуелсіздік алған алғашқы жылда Қазақстанда халық саны 14 миллионнан аспайтын еді.  Біз берік экономикалық негіз қалаптастырдық», — деді Н. Назарбаев.

Осы орайда Елбасы соңғы 20 жыл ішінде елімізге 300 млрд АҚШ долларынан астам тікелей инвестиция тартылғанын атап өтті.

«Ел экономикасын өркендетудің негізі саналатын шағын және орта бизнес нығайып келеді. Дүниежүзілік банктің бизнес жүргізу жеңілдігі жөніндегі мәліметі бойынша Қазақстан 190 елдің ішінде 36-шы орынға көтерілді. Біз әрдайым сыртқы қатерлерге дер кезінде назар аударып, оларға дайын бола білдік. Соған байланысты мен елімізді жаңарту жөніндегі тиісті бағдарламалық бастамаларды бастадым. Олардың жүзеге асырылуы табысты дамуымыздың негізгі факторына айналуы қажет. Біздің стратегиялық мақсатымыз 2050 жылға әлемдегі озық дамыған отыз елді қатарына қосылу екенін бүгінде барлық қазақстандықтар біледі», — деді Мемлекет басшысы.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.