Жер мен жылжымайтын мүлікті есепке алу жүйесінің бірігуіне байланысты 2023 жылы құжаттың жаңа түрі — кадастрлық паспорт пайда болды.
Кадастрлық паспорт — бұл мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының мәліметтерін қамтитын құжат. Ол электронды түрде де, қағаз түрінде де берілуі мүмкін.
Бұл құжатта мекен-жайы, мекен-жайдың тіркеу коды, кадастрлық нөмірі, салынған жылы, үй сериясы, үйдің қабаты, пәтердің қабаты, ауданы: (жалпы, тұрғын, пайдалы), бөлмелер саны және қабырға материалы қамтылады. Кадастрлық паспорт көбінесе жаңа объектілерге рәсімделеді.
Кадастрлық паспорт алуға өтінішті Халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе электронды үкімет порталының көмегімен беруге болады.
Білу маңызды!
«Азамттарға арналған үкімет» мемлекетті коадастры» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының – Жамбыл аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімі