ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

192
 Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, біраз жыл Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған Дінмұхамед Қонаевтың өмірден өткеніне биыл 31 жыл толды.
Ол 1993 жылдың 22 тамызы күні 82 жасқа қараған шағында қайтыс болған еді. Осы орайда бүгін Таразда Дінмұхамед Ахметұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Гүл шоқтарын қою рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, әкімдікке қарасты басқарма басшылары және Д.А. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлфайруз Іңкәрбекова, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сейітжан Ілияс қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.