Қазақстан таэквондо федерациясының президенті өз еркімен қызметінен кетті

61

Фото: olympic.kz

Федерацияның ресми сайтының мәліметінше, Вячеслав Ким бұл шешімге ҚТФ президенті ретіндегі жұмысы кезінде қол жеткізілген барлық жетістіктерді ұзақ ойлау және бағалау нәтижесінде келген.

«2013 жылы таэквондо федерациясының басшылығына тағайындалғанда менің басты мақсатым – осы спорт түрін елімізде дамытып, танымал ету болды. Осы жылдар ішінде біз бірге елеулі табыстарға қол жеткізгенімізді мақтанышпен айта аламын. Күн сайын ҚТФ ұжымы мен спортшыларымыздың өсіп-өркендеуіне жағдай жасау мақсатында жұмыс істедім», – делінген экс-басшының мәлімдемесінде.


«Бір сәттілік жетпеді деп ойлаймын»: Бокстан Қазақстанның бас бапкері Париждегі сәтсіз нәтиже үшін халықтан кешірім сұрады


Ким қазақстандық таэквондошылардың халықаралық деңгейде лайықты нәтиже көрсетіп жүргенін және оларды бұдан да үлкен жеңістер күтіп тұрғанына сенімді екенін атап өтті.

«Біздің жоғары деңгейдегі турнирлерді өткізуге әлеуетіміз де, мүмкіндігіміз де бар, бұл жол өз жалғасын табады деп сенемін. Бүгін эстафетаны тапсыра отырып, осы жолда менімен бірген болған барлық әріптестеріме, спортшыларға, жаттықтырушылар және бізді қолдаған әрбір адамға алғысымды білдіргім келеді. Бұл жол жалғасын тауып, күн сайын жаңа жеңістер әкелсін», – деді Вячеслав Ким.

Еске салсақ, бұған дейін бокстан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылары мен вице-президенті қызметінен босатылғаны туралы жазған едік.

https://stan.kz/kazakstan-taekvondo-federaciyasinin-prezidenti-oz-erkim-404910/

Leave A Reply

Your email address will not be published.