«Тұрмысымыздың төмендегінен ұялатын едім»: Дина Төлепберген 20 жыл бұрынғы тұрған үйін көрсетті

62

Фото: Видеодан скриншот

БАҚ өкілі өзі туған жері Шымкент қаласына барып, өзі тұрған көшені көрсетті.

“20 жылдан соң оралу… Шымкент, 1 бөлмелі суық пәтер… Кішкентай кезімде достарыма пәтерімді, үйімді көрсетуге қынжылатынмын. Себебі тұрмыстың төмендігін көріп, ұялып, араласатындар алшақтайды деген қорқыныш болған еді. Мектеп кезімде осы үйіме жақын құрбым келді. Ол не айтады, үй-жағдайымды көріп қашқақтай ма, деген ой болды. Бірақ, жоқ… Келесі күні оның маған қарым-қатынасы баяғы қалыпты күйде қалды. Мен сол кезде нағыз құрбы, нағыз жанымды түсінетін дос екенін ұғындым. Әзір де екеуміз сыр сақтамас құрбымыз. Сізге де құлаққағыс қалтаңызға, киіміңізге, үйіңізге қарап араласатын адамдар болса алшақтаңыз. Нағыз дос, нағыз жанашыр жоқшылыққа да, тоқшылыққа да қарамайды», – деп жазды медиа маманы.



Журналист әлі күнге дейін сол шағын ауданда тұратын көршілерін көріп мәз болды.

“Мінекей, араға 20 жыл салып, бұрын тұрған ыстық пәтерге келдім. Ешкім жоқ. Есесіне көріспеген көршілеріммен қауыштым… Шымкенттіктер, 8 шағынаудан, барсыздар ма?» – деді журналист.

Еске салайық, «Ата-ананы кінәлаудан аулақ бол» деп Дина Төлепберген кедей болудан ұялмауға үндеген еді.

https://stan.kz/tyrmisimizdin-tomendeginen-yyalatin-edim-dina-tolepberg-404868/

Leave A Reply

Your email address will not be published.