Құқықтық көмек»

212
Құрметті достар!
Бүгін азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы азаматтарға тегін заңгерлік кеңес беру, тұрғындар үшін білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған тақырыптық қабылдау өткізілді.
Жалпы, 7 айда «Құқықтық көмек» партиялық жобасы бойынша қоғамдық қабылдау бөлмелері 1072 қабылдау өткізіп, 5 мыңнан астам адам қабылдады. Айта кетейік, өткен жылдың 7 айында біз 184 қабылдау өткізіп, 450-ден астам адамды қабылдаған екенбіз. Яғни, биыл бізге қайырылушылардың саны 10 есе өсіп отыр.
Балалардың құқықтарын қорғау мәселесіне арналған тақырыптық қабылдауға тиісті министрліктердің өкілдері, Астана қаласы әкімдігінің басқарма басшылары, «111» байланыс орталығы, заңгерлер мен адвокаттар және алимент мәселелері бойынша сарапшылар қатысты.
Онда асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақыны рәсімдеу, алимент өндіріп алу, балабақшалар кезегі, АӘК және т.б. мәселелер көтерілді.
Мысалы, үш баланың анасы алимент өндіріп алу мәселесін көтерді. Жалғыз өзі балаларды тәрбиелеп отырғанын, олардың бірі 1-топтағы мүгедек екенін айта келе, күйеуінің алимент төлемей жүргеніне шағымданды.
Сонымен қатар, көпбалалы ана 18 жасар қызын жұмысқа орналастыру мәселесімен жүгінді. Ол қызының жұмыс тәжірибесі болмағандықтан, оған жұмысқа орналасудын қиын екендігін айтты.
Бұл тақырыптық қабылдау барлық облыс орталықтарында да өткізілгенін айта кету керек.

Ермухан Жумабек

Leave A Reply

Your email address will not be published.