Елорда прокуратурасы жетім балалардың тұрғын үй алуға қатысты құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
«Уәкілетті орган «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71-бабын бұза отырып, он төрт жасқа толмаған тұлғаларда тіркеудің болмауына, сондай-ақ отбасы мүшелері болып табылмайтын қамқоршыларға тіркелген мүліктің болуына байланысты жетім балаларды кезекке қоюдан негізсіз бас тартқан», – делінген жазбада.
Прокурорлардың қадағалауының нәтижесінде 200-ден астам жетім бала тұрғын үй алуға кезекке қойылды.
https://turkystan.kz/article/247207-astanada-200-den-astam-zhetim-balany-turgyn-ui-kezegine-koiudan-negizsiz-bas-tartkan-prokuratura