Сарысу ауданы әкімінің 2024 жылғы 14 тамыздағы №71-ж/қ өкімімен Ермекбаев Данияр Мадиярұлы Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Ермекбаев Данияр Мадиярұлы 12 қыркүйек 1986 жылы Жаңатас қаласында дүниеге келген.
2004 жылы Жаңатас қаласындағы М.Әуезов атындағы орта мектебін бітірген.
Білімі жоғары. 2004-2008 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің «Экономика және бизнес» факультетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Сарысу ауданы әкімиятының кәсіпкерлік бөлімінде іс-жүргізуші болып бастаған.
2008-2009 жылдары Сарысу ауданы әкімиятының кәсіпкерлік бөлімінің жетекші маманы,
2009-2010 жылдары Сарысу аудандық қазынашылық басқармасында жетекші маман-жетекші қазынашы,
2010-2016 жылдары Сарысу аудандық қазынашылық басқармасында бас маман-бас қазынашы,
2016-2017 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджеттің орындалуын бақылау жиынтық секторының меңгерушісі,
2017-2024 жылдары Сарысу аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру — бақылау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін Сарысу аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқықтық және кадр бөлімшесінің басшысы қызметін атқарды.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп өсіруде.
https://www.facebook.com/100068552142069/posts/pfbid0rAmwASV23FAmWD1oJqFKFrV4Wu71xg6NyQdpG291MoZwZZBtBk1P9KkqvSbEPK6xl/?app=fbl