Өскеменде блефаропластика жасатпақ болған әйел көз жұмды

83

Өскеменде блефаропластика жасатпақ болған әйел көз жұмды
 istockphoto.com

Өскеменнің №2 қалалық сотында косметикалық процедурадан кейін көз жұмған әйелдің өлімі бойынша іске қатысты үкім шықты, деп хабарлады turkystan.kz сайты yk-news.kz басылымына сілтеме жасап.

Өскемендік әйел блефаропластика операциясы кезінде өзін жайсыз сезінген. Дәрігерлердің айтуынша, марқұм анафилактикалық шок алған. Өскемен қалалық №1 ауруханасына жеткізілген науқас 17 сәуір күні таңертең қайтыс болды.

Сот істі «заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсету, есірткі немесе психотроптық заттарды алуға рұқсат беретін рецепттерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру немесе қолдан жасау» бабы бойынша қарады.

Соттың мәліметінше, косметологиялық қызмет көрсететін азаматша К, өзінің құрбысы А-дан бір клиентіне блефаропластика операциясын жасау кезінде көмекшісі болуды сұраған.

Операциядан кейін К, науқастың бетінде ісіну пайда болғанына байланысты құрбысынан екпе салуды сұраған.

«Медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы жоқ А, сынақ ретінде науқасқа лидокаин қосып цефтриаксонды бұлшықет ішіне енгізген. Инъекциядан кейін науқастың жағдайы нашарлаған», – делінген хабарламада.

Сот үкімімен айыпталушы А-ға -3 жыл мерзімге медициналық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

https://turkystan.kz/article/247201-oskemende-blefaroplastika-zhasatpak-bolgan-iel-koz-zhumdy

Leave A Reply

Your email address will not be published.