ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ АЙРЫҚША НАЗАРДА

339
Бүгінгі таңда тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесі өзекті. Осыған орай, бүгін аудан әкімі Жалғас Мұртазаның төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте халықты тұрақты жұмыспен қамтуға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалардың аяқ алысы талқыланды.
Бұл бойынша Мансап орталығының 7 айда атқарылған жұмысы сараланып, алғы уақытқа арналған жоспары талқыланды. Атап айтқанда, Б.Момышұлы ауылы мен елді мекен тұрғындарын ақылы қоғамдық жұмыспен қамту, алғашқы жұмыс орны, жастар практикасы, күміс жас сынды жобалардың орындалу деңгейі қаралды.
Сонымен қатар, кеңес барысында аудан аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары және аудан елді мекендерінің сәулеттік келбетін арттыруда атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Саурбаев баяндама жасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.