Жол – экономиканың күретамыры

198
Жол – экономиканың күретамыры. Ал қалаішілік жолдар – қайнаған тіршіліктің тірегі. Сондықтан ағымдағы жылы орташа жол жөндеу жұмыстарына баса ден қойылуда.
Айталық, Ниетқалиев көшесінің Жамбыл даңғылы мен Қойгелді көшесіне дейінгі аралығы тұрғындарға қолайсыздық тудырып келген еді. Көп ұзамай тұрғындар өтініші назарға алынып, жол жөндеу жұмыстары басталған болатын.
Нәтижесінде «Арайстроймаркет» ЖШС мердігерлігімен жалпы ұзындығы 378 метр жолға 2 қабат асфальт төселіп, жолдың ені 13 метрге кеңейтілді. Сондай-ақ көліктерді қоюға арналған арнайы бөліктер де орналастырылды.
Қазіргі таңда аталған нысандағы құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.