«Қарыз алған адамдарын кешіріп кетті»: Гүлзира Айдарбекова марқұм ата-анасын есіне алды

74

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Өнер иесінің айтуынша әкесінің дүниеден озғанына 42 жыл толған.

“Әкемнің дүниеден озған күні. Алла анашым екеуінің жандарын жәннаттық етсін! Алға қойған мақсатыма жетуіме үлкен сеніммен қарап, еркін өсірген әкешім. Мен сені қатты жақсы көремін. Әкешім көз жұмар алдында, анамды шақырып, “Менен қарыз алғандар көп. Мен ешкімге қарыз емеспін. Қарызы барларды түгел кештім” деген сөзі әлі құлағымда. Дін аман кезінде жоғары оқу орнында оқып жатқан 4 бауырыма ақша салу үшін малын сатуға шығарды. Сол кезде анам, “Қарыз алған адамдардан сұрайық” дегенде: “Болса қайтарушы еді ғой, сұраушы болма” дейтін. Сондай қолы ашық адам болып, дүниеден көшті”, –деп жазды продюсер.



Сондай-ақ, өнер өкілі ата-ананы көзі тірі кезінде құрметтеуге үндеді.

“Енді тек анашым екеуіңізге дұға етеміз. Ата-анасы барлар әлемдегі ең бақытты жандар. Барында бағалаңыздар”, – деп кеңес берді Гүлзира Үсенқызы.

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Еске салайық, Қайрат Нұртастың ата-анасы шетелге көшуге қатысты пікір білдіріп, балаларынан бөлек тұрғысы келетінін жасырмаған еді.

https://stan.kz/kariz-algan-adamdarin-keshirip-ketti-gulzira-aydarbekov-404525/

Leave A Reply

Your email address will not be published.