Персеида метеорлар жауыны: Қазақстандықтар жұлдыздар ағынын қашан тамашалай алады

66

Фото: freepik

Оны Жердің солтүстік жарты шарының тұрғындары байқай алады. Бірден бірнеше ғарыш объектілері біздің планетамызға жақын ұшады. Атмосфераға енген кезде кометалардың ұсақ бөлшектері жанып, ерекше із қалдырады. Дәл осы сәт әдемі көріністерге толы болмақ. Жұлдыздар ағыныны 12 тамызға қараған түні өте көп болады. Дәл осы кезеңде жарқыраған метеорлардың саны 150-ге жетуі мүмкін. Аспанның бұл құбылысын өз көзіңізбен көру үшін астрофизиктер қала шамдарынан алыс жерде болуды ұсынады.



“Ең кереметі, әрине, осы уақытта жарықсыз жерде болу керек. Барынша қаладан алыс жерге немесе қаланың жарықтандырылмаған аймағына барыңыз. Өйткені шамдар мен терезелердің жарығы метеорларды көруге кедергі келтіреді. Әрине, биік ғимараттар арасынан метеорлар көрінетін ашық аспан болмайтыны белгілі”, – деді астрофизик Виктор Тейфель.

https://stan.kz/kazakstandiktar-aldagi-kunderi-zhyldizdar-aginin-kore-a-404530/

Leave A Reply

Your email address will not be published.