Алматыда «Graff» тұрғын үй кешені сот шешімімен заңсыз деп танылып, сүрілетін болды

80

Фото: Алматы әкімдігінен

Алматы әкімдігінің мәліметінше, «Graff» тұрғын үй кешені «Ерменсай» шағын ауданындағы үш жер телімінде рұқсатсыз салынған.

“2023 жылдың 20 қаңтарында қала құрылысын бақылау басқармасы заң бұзушылықтарды жою туралы бұйрық шығарды. Бірақ тапсырыс беруші талаптарды орындамады. 24 шілдеде сот басқарманың бұзу туралы талабын қанағаттандырды. Апелляциялық сот 19 қазандағы шешімді өзгеріссіз қалдырды”, – делінген хабарламада.



Нысан сот орындаушыларының қатысуымен бұзыла басталды.

Деректерге сай, жыл басынан бері Алматыда 40 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», «KHAN», «Алма Гарден» ТҮК және т.б. толық немесе жартылай бұзылған.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда сатып алуға кеңес берілмейтін тұрғын үйлер тізімі шыққан еді.

https://stan.kz/news-404023/

Leave A Reply

Your email address will not be published.