АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР АУҚЫМДЫ

132
Тәуелсіздік алған жылдары еліміз қарыштаудың қадамын нық басып, алға қарай өрледі. Мемлекеттік бағдарламалар іске асып, жаңа экономикалық дамуға сенімді серпін берді. Қоғамға түрлі қозғау салатын ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер құрылып елде болып жатқан оқиғаларға үн қатып, ауқымды істердің бас қасында жүріп келеді.
Бүгінде ауданымыз түрлену мен инфрақұрылымдық бағдарлар аясында алға қарай қанат самғап келеді.
Осы орайда, Сарысу аудандық Қоғамдық кеңестің маңыздылығы зор.
Елмен етене жақын болып, мәселелерді жіті қарайтын қоғамдық кеңестің келелі істеріне аудан жұртшылығы куә. Жастарға ақыл кеңесін айтып, саналы ұрпақ тәрбиелеуде өзіндік салмағы бар Қоғамдық кеңес мүшелерінің саны-13.
Қоғамдық кеңестің төрағасы-Даулетбаев Жақсыбек Ысқақұлы. 2019 жылдан бері төрағалық етіп келеді.
Бүгінде төралқа отырысының құрамында -3(үш) комиссия төрағасы бар. Айта кетсек, 1)«Аграрлық сектор, ветеринария саласы, ауылдық аймақтарды дамыту, техногендік үрдістер, табиғатты және жер ресурстарын пайдалану» жөніндегі комиссия төрағасы- Ж. Даулетбаев.
2)Бюджет және қаржы мәселелері әлеуметтік (білім, денсаулық сақтау, мәдениет) сала, кәсіпкерлікті қолдау құрылыс тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және көлік салаларын дамыту мәселелерінің комиссия төрағасы- Ш.Абдрахманов.
3) Қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау азаматтардың құқықтарын қорғау сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер және қоғамдық үкімет ттік емес ұйымдарымен байланысты және жергілікті өзің-өзі басқаруды дамыту мәселелерінің комиссия төрағасы-Ж.Якупов.
Атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталатын болсақ, Қоғамдық кеңестің жалпы 20 отырысы өтті. Оның ішінде 10 төралқа отырысы өткізілді.
Қоғамдық кеңестің отырысының күн тәртібіне шығарылған мәселелер оң шешімін тапты. Мәселелердің шешілуіне, туындаған өзекті мәселелерді талқылауда Қоғамдық кеңес мүшелерінің білімділігі, белсенділігі, мол тәжірибелері оң ықпалын тиігізіп келеді.
Қоғамдық кеңестің жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп отыр. Комиссия төрағалары өздерінің арнайы белгіленген салалары бойынша мекемелерді зерделеп, оларға қандай да болсын көмек беру жұмыстары өз шешімін тауып отыр. Алдағы атқаратын жұмыстар бойынша да Қоғамдық кеңес мүшелерімен ақылдасып, жұмыстарымыз жүргізіліп келе жатыр.
«Жұмылған жұдырық» болып бірге еңбек етсек, біз алмайтын асу, бағындырмайтын белес болмайтыны белгілі. Әрине, шаруалар шаш етектен, мәселелер маңызды. Атқарылар жұмыстар ауқымды.
Маңызды жұмыстарды, жүйелі істерді бірге жоспар құрып, атқара беретін боламыз.
Ж. Даулетбаев
Сарысу аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.