Сарысу ауданы бұрыннан өндірісі өркендеген, экономикасы дамыған аймақ ретінде белгілі. Қазіргі таңда ауданның өндірістік әлеуеті дамып, кәсіпкерлік бағытында қыруар жұмыс атқарылуда.
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіровпен «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасы Дауыл Ынтықбайұлымен бірге өндіріс орындарының жұмысымен танысты.
Бұл да экономикалық жағынан тиімді. Су мәселесі де жолға қойылып, көрші Талас ауданындағы Ақкөл көлінің суы 43 шақырымнан келеді екен. Айта кетейік, жоба толық аяқталған соң еліміздегі шыны, химия, металлургия, тау-кен және тоқыма өнеркәсібіне қажетті кальцийленген сода өндірумен айналысатын алғашқы кәсіпорын болады. Әрі, 1300 тұрақты жұмыс орнын құрылатын болса, оның басым бөлігін жергілікті азаматтар құрамақ. Осы уақытқа дейін «Қазфосфат» арқылы фосфор өндірумен аты шыққан Сарысу ауданы енді «Еврохим — Қаратау» ЖШС екінші кезеңі және сода өндіруде белсенділік танытатын болады. Өндірісі өркен жайып келе жатқан өңірде бастамаларға қолдау бар. Ендігі мақсат жергілікті тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуына назар аудару.