Жаңатас қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік және өзге де нысандарды қыс мезгілінде жылумен қамтамасыз етіп отырған қаладағы орталық қазандықтың маңызы өте зор.![]()

Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов қалалық қазандықтың жағдайын, ондағы газға ауыстыру жұмыстарының барысын көрді.![]()

Қазіргі таңда орталық қазандықты газдандыру жобасының құрылыс- монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл жұмыстармен мердігер «Интеллект Азия» ЖШС-і айналысуда.
Бүгінгі күнге мердігер тарапынан 4 дана Bosch су қыздыру қазандық қондырғылары, 1 дана Bosch бу қазандығы қондырғылары, желілік сорғылар, түтін құбыры, өзге де қажетті қондырғылар дерлік жеткізілген.![]()

Аудан басшысы мердігерге бұл жұмыстардың уақтылы әрі сапалы атқарылуын керектігін айтып, тиісті сала басшыларына орталық қазандықтың қысқа дайындығын осы кезден бастап қатаң бақылауға алуды тапсырды.
