Беатрис өзін әлсіз сезініп, бір күн ішінде жағдайы нашарлай бастаған.

530

Мұрнының ұшын бактерия жеп қойған британдық әйелді ас содасы өлімнен арашалап қалған

Мұрнының ұшын бактерия жеп қойған 60 жастағы британдық Беатрис Джонсон өмірін ас содасы сақтап қалғанын айтады. Бұл туралы goodnewsnetwork.org

6 ай бұрын Беатрис асқазан ауруымен ауырған. Англияның Кент графствосындағы Танбридж-Уэллс ауруханасының дәрігерлері оның септикалық шокқа ұшырағанын анықтап, жақындарына онымен қоштасуға аз қалғанын айтқан.

Беатрис өзін әлсіз сезініп, бір күн ішінде жағдайы нашарлай бастаған. Бір нәрсе дұрыс еместігін түсініп, ол жедел жәрдем шақырып, 10 минут ішінде оны ауруханаға жеткізген.

«Жедел жәрдем дәрігерлері келгенде, менің қан қысымымды өлшей алмады. Олар менің әлі де есімді жинап тұрғаныма таң қалды» — дейді ол.

Дәрігерлердің қолдан келгенін істегеніне қарамастан, оның жағдайы бикарбонат натрийі, яғни ас содасы енгізілгенше нашарлай берген. Бірнеше күн өткеннен кейін Беатрис ғайыптан сауығып, бір аптадан кейін комадан шыққан.

Өз-өзіне келгенде, дәрігерлер оның мұрнының ұшын некротикалық фасциит деп аталатын сирек бактериялық инфекция жеп қойғанын айтты. Бұл инфекция тез таралып, өлімге әкелуі мүмкін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.