Қарағанды облысында 51 адам мінген автобус жол апатына түсті

116

Chery Tiggo көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы қаза болды.

17 шілде күні сағат 06.00 шамасында Алматы-Екатеринбург тас жолында Chery Tiggo жеңіл автокөлігі және Красноярск-Шымкент бағытына жолға шыққан VAN HOOL маркалы автобусы апатқа соқтығысты.

Салдарынан Chery Tiggo көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы қаза болды. Сондай-ақ, жеңіл автокөліктің үш жолаушысы және автобустың жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Полиция департаментнің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 51 адам болған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп толықтырды ведомство.

Жаз маусымында тек Алматы-Екатеринбург тас жолы арқылы күніне 33 мың автокөлік өтеді. Осыған орай, әр 25 шақырымға полиция жасағы қойылып, оның саны 22-ге дейін көбейтілді. Жол-көлік оқиғасына түскен екі көлікті де оқиғаға дейін патрульдік полиция батальоны қызметкерлері тоқтатып, жол жүру ережесін сақтау бойынша ескерткен. Өкінішке қарай, жүргізушілер тәртіп сақшыларының ескертулеріне құлақ аспаған.’

turkystan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.