Қала тазалығы — баршаға ортақ іс

253
ТАЗАЛЫҚ – ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ТАЛАП

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Шын мәнінде, елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бірреттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпыұлттық мәселе.

Қазақ «Тазалық – табалдырықтан басталады» деп отбасындағы ­балаларын айналасын жиып, таза болуға баулиды. Бұл тек отбасы ошақ қасындағы ғана емес, Отан алдындағы азаматтық міндеттің ажырамас бөлігі екенін бәріміз жақсы білеміз. Күнделікті есіктің алдынан бастап, қора-қопсыны тазалау, қоқыстарды тиісті орынға шығару, реттеу жұмыстары әдетімізге айналған. Үлкендеріміз «Лас жер – жын-шайтанның мекені. Отырған, жүрген жерлеріңді таза ұстаңдар. Айналаңа қоқыс тастама» деп отыратын. Жарықтықтар адам қажеттіліктерін терең философиямен жеткізіп кеткен.
Тазалық – тәртіптің бастауы. Қала– ортақ үйіміз болғандықтан, оның көшелерінің таза болуы әрбір тұрғынның жан-дүниесінің айнасы іспетті. Өз тұрғын үйіңіздің маңын, ауласын, көшесін жинап, шашылған қоқыстарды контейнерлерге тастау арқылы қоршаған ортаның тазалығына атсалысу баршамыздың айнымас міндетіміз десек қателеспесіміз анық.

Елімізде республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр.

  • — «Таза Қазақстан» – тамаша идея. Күнделікті өмірде адамдар өзін бақытты сезінудің бір шарты – тазалық. Сондықтан мемлекет көлемінде ұйымдастырылған акцияға қатысу, Қазақстанның көркеюіне қосқан тамшыдай болсын үлес қосу әрбір азаматтың міндеті,-дейді бүгінгі тазалық жұмыстарының басы-қасында болған Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қ. Исмаил.

Туған жердің тазалығы әр адамға парыз болса, «Таза Қазақстан» акциясы соның алғышартын қалыптастыратын дәстүрге айналмақ.

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.