Ардагерлер арасындағы би кеші

543
Ардагерлер арасындағы  би кеші

Қай кезеңде де, қай елде болмасын мәдениет пен өнер – халықтың рухани болмысының айнасы, бағдарлы болашағының бастауы. Мәдениеттің өсуі – елдің өсуі, ұлттың өсуі.

Тәуелсіздігіне тәубе етіп, кемелді ел болуды мұрат тұтқан халқымыздың рухани бай дүниесінің өлшемі мен өресі де осы мәдениет пен өнер шоқтығында жатыр.

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Қарттарымызды ардақтауға ерекше көңіл бөлген қазақ халқы олардың өмірлік тәжірибелерінен үлгі-өнеге алып, ақыл кеңесіне құлақ асып отырған. Бүгінгі таңда да барлық қоғамдық жұмыстар көнекөздерімізбен ақылдаса отырып жасалады. Осындай асыл қазыналарымыздың қазір қарасы сиреп барады. Ақиық ақын Мұқағали жарлағандай, бірі келместің кемесіне мініп, енді бірі кеме күтіп жағада тұр. Аз болса да, бейнетінің зейнетін көрер шағында еліміздің дамуы жолында аянбай тер төгіп, ұрпақ тәрбиесіне, ұлт тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп жүрген қарттарымыз бар арамызда.

Қарияларға қай кезде де қамқорлық пен көңіл бөлу аздық етпейді. Осындай ерекше басқосу бүгін Тараз қаласы, Қ.Рысқұлбеков саябағында Жамбыл облысының 85 жылдығына орай Тараз қаласы ардагерлерінің арасында би кеші ұйымдастырылды.

Қариялардың көңілі шат, жүздерінде күлкі. Мұндай шаралар тек бір күн емес, жыл бойы жалғаспақ дейді ұйымдастырушылар.

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.