Месси мен Ямалды суретке түсірген фотогаф суреттің тарихы туралы айтып берді

119

Футболдан Еуропа чемпионатында Испания құрамасының атынан доп тепкен Ламин Ямалдың даңқты голынан кейін 2007 жылғы фотосурет әлемге танымал болды. Фотосуретте 20 жастағы Лионель Месси кішкентай балақайды ұстап тұр, ал бұл бала жас ойыншысы Ламин Ямалдың өзі болып шықты.

Euronews осы суреттің тарихы туралы материал жариялады.

Бұл суретті Джоан Монфорт есімді Барселонаның штаттан тыс фотографы 2007 жылы ЮНИСЕФ үшін түсірген. Монфорттың айтуынша, ЮНИСЕФ Матародағы Рока Фонда ауданында «Камп Ноуда» «Барселона» ойыншысымен суретке түсуге мүмкіндік беретін лотерея ұйымдастырған. Лотереяны ұтып алған Ямалдың отбасы Мессимен суретке түсу мүмкіндігіне ие болған.

«Месси алғашында баланы қалай ұстау керектігін де білмеді. Киім ауыстыратын бөлмеден шығып, пластик ваннадағы балақайды көргенде қатты таңқалды», — деді Монфорт.

Бір қызығы, тек өткен аптада, фотосурет интернетте тарала бастаған кезде ғана Монфорт бұл баланың Ямал екенін түсінген. Естеріңізге сала кетейік, фотосуроетті Ямалдың әкесі желіге жариялаған болатын.

«Бұл — өте әсерлі», — деді фотограф.

Монфорт қазіргі футболда көп нәрсе ақша мен билікке байланысты болса да, бұл оқиғаның ерекше екенін айтты.

 

https://turkystan.kz/article/245966-messi-men-iamaldy-suretke-tusirgen-fotogaf-surettin-tarikhy-turaly-aityp-berdi

Leave A Reply

Your email address will not be published.