«Түрме сияқты»:»Қазақфильм» қызметкерлері 1 жылдан бері еңбекақыларын ала алмай жүр

259

Анимация бөлімінің мамандары көп мультфильм жасап шығарған. Айтуларынша, соның ақысы, яғни бақандай 500 миллион теңге әлі берілмепті. Наразы қызметкерлер кейін, тіпті, басшылық анимация бөлімін жауып тастады дейді.

Жанәділ Байдарбеков, анимация бөлімінің қызметкері:

— «Алтын адам» жобасында былтыр тамыз айынан бері біздің ұжым — суретшілер, аниматорлар еңбекақысын ала алмай келе жатыр. Мұнда 5 миллионнан бастап, 3 миллионға дейін жұмыс істеген мамандар бар. Алатын жұмысымыздың ақшасы осы, бір жерде ғана. Біз сыртта жұмыс істемейміз. Еңбекақымызды берсін. Бұл жерде бәрімізде келісімшарт бар. Заңды түрде істегенбіз. Қағаз бар. Бір тиынымызды қалдырмай төлесін.

Ерлан Төлеутай, анимация бөлімінің редакторы:

— Түрме сияқты. Темір тормен қоршалған бәрі. Мұнда түрменің ,бүкіл «пахандық» режимі орнады. Кеше сақшылары келіп, мына жастарды қуып шығып, неше түрлі жала жауып, анимацияны жауып қойып, түрмедегідей «шмон» жасап жатыр.

Айдар Омаров, «Қазақфильм» киностудиясының вице-президенті:

— «Алтын адам» жобасы бойынша жағдай былай. Бізде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталғымен келісімшарт болды. Олар мультфильмге 2020 жылы тапсырыс берген. Біз туындыны 100 пайыз жасап жібергенбіз. Бірақ тапсырыс беруші қабылдамады. Қазір осыған қатысты сот ісі жүріп жатыр.

https://turkystan.kz/article/245979-turme-siiakty-kazakfilm-kyzmetkerleri-1-zhyldan-beri-enbekakylaryn-ala-almai-zhur

Leave A Reply

Your email address will not be published.