Тазалық табалдырықтан басталады

67

Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қаратау қаласында «Таза аула» іс-шарасы кең көлемде өткен болатын.

Онда әр көшедегі әрбір жеке үйлердің тұрғындары өз аулаларын күл-қоқыстан тазартып, аула іші мен сыртындағы ағаштарды әктеп, қала көркіне өз үлестерін қосты. Кейбір үй иелері қақпа мен шарбақтарын сырлап, өзгелерге игілікті істің үлгісін де көрсеткені көңіл қуантады.

Шара барысында 500 адам қамтылып, 5 техника жұмылдырылып, 10 тонна қоқыс шығарылды.

— Әр ауланың тазалығы тұрғындардың өздері үшін керек. Екінші жағынан көрікті үйлер қаламыздың да ажарын кіргізеді. Осындай жағымды іс-шаралар жиі өтіп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді,-дейді осы шараның спикері, аудандық билер кеңесінің төрағасы Сәулембай Әбсадықұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.