Белсенілер марапатталды

67

«Таза Қазақстан» акциясы бойынша Жуалы ауданында өткен Теріс-Ащыбұлақ су қоймасын тазалау акциясына белсене қатысқан жастарды марапаттау рәсімі өткізілді.
Жуалылық жастарды Жастар ресурстық орталығының директорының м.а.Жадыра Ерғалиқызы марапаттап, еріктілердің ерік-жігерін жаныды. Ауданның үздік белсенді жастарына сенім артып, болашақтарынан зор үміт күтетінін білдірді.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай сенбілік күнделікті өткізіліп тұрады. Көптеген ерікті аталмыш шараға «Таза Қазақстан» акциясы бастау алғаннан бері атсалысуда. Олар ауданды тазартуға үлес қосып қана қоймай, өздеріне жаңа дос тауып жатқанын айтады.

Байқау ұйымдастырудағы басты мақсат – жыл он екі ай бойы сан түрлі қоғамдық шаралардың мерекелік леппен, жоғары деңгейде өтуіне үнемі ат салысып жүретін еріктілер ұйымдары мен еріктілердің араларынан үздіктерді анықтап, еңбектерін ескере отырып, өзгелерге үлгі ету болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.