Биыл Тараз қаласын көгалдандыруға көп көңіл бөлінуде. Әрине, жайқалған әсем гүлдер қала көшелеріне сән беріп қана қоймай, тұрғындарға да ерекше әсер сыйлайды.
Осы мақсатта биыл көктем-жаз айларында 12 мың шаршы метр гүлзарға гүл отырғызылды. Оның 5000 шаршы метр арнайы гүлзарларға, 627 шаршы метр қазандыққа гүл егілді.
Нақтырақ тоқталсақ, облыстық әкімдік аумағындағы гүлзарларға – 2237, 63 шаршы метр (134 257, 8 дана), қалалық әкімдік аумағындағы гүлзарларға – 769, 61 шаршы метр (46 176, 6 дана), Төле би көшесі Ұлбике ақын көшесінен бастап, Жамбыл даңғылына дейін – 4589, 00 шаршы метр ( 275 340 дана), темір жол вокзалы – 111, 85 шаршы метр (6711 дана), әуежай сквері – 247, 79 шаршы метр (14 867 дана), Жастар аллеясы – 3291, 63 шаршы метр (197 497, 8 дана ), Қарахан сквері – 1694,03 шаршы метр (101 641, 8 дана), Б.Момышұлы атындағы “Жеңіс” саябағында – 1337, 20 шаршы метр (80 232 дана), Тәуке хан көшесі көпірдің айналасындағы гүлзарларға – 230,07 шаршы метр (13804 дана), “Тектұрмас” этно-мәдени кешеніндегі гүлзарларға – 243, 14 шаршы метр (14 588, 4 дана), Мирзоян көшесі (кольцо) – 179, 07 шаршы метр (10 744, 2 дана ), Қонаев сквері – 294, 96 шаршы метр (176 697, 6 дана) , Төле би көшесі мен әл-Фараби көше қиылысы – 289, 07 шаршы метр (17 344, 2 дана), Тұңғыш Президент саябағы – 314, 76 шаршы метр (18 885, 6 дана), “Көне Тараз” кешені – 1682, 67 шаршы метр (100 960, 2 дана). Төле би көшесі мен Жамбыл даңғылы қиылысы – 418, 45 шаршы метр ( 25 107 дана). Төле би көшесі мен Қойгелді көше қиылысы – 345, 73 шаршы метр (20 743, 8 дана) гүл отырғызылды.
Бұған қоса, Төле би, Жамбыл, Тәуке хан көшелері мен “Тектұрмас” этно-тарихи кешеніне бір жылдық гүлдермен қоса 15 мың дана раушан гүлі егілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар 2025 жылы да өз жалғасын тауып, шаһар аумағына көктем-жаз айларында 50 000-нан аса раушан гүлі және 700 000 дана бір жылдық гүл отырғызу жоспарлануда.