Головкин келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

143

Головкин келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады
 ҰОК

Атақты боксшы, қазір Ұллық Олимпиада комитетін басқарып отырған Геннадий Головкин рингке оралуы мүмкін жоққа шығармай отыр.

Айта кетейік, ол ақпан айында  Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) жаңа президенті болған еді.

«Мен ешқашан мансабымды аяқтаймын деген мәлімдеме жариялаған емеспін. Мәлімдеме жасау менің мінезіме сай емес. Сондықтан оны уақыт көрсетеді. Қазір менің міндетім бар, мен өз ісімді жақсы көремін. Сонымен қатар, мен үшін өмір-бұл қозғалыс. Егер маған ұсыныс түсіп, ол өзгерістің жақсы тәсілі екенін көрсем, мен бұл сынақты қабылдауым мүмкін. Сондықтан менімен тағы бір жекпе -жекке куә болуыңыз мүмкін», — деді ол BoxingScene-ге берген сұхбатында.

Головкин соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегіндегі жекпе-жекте мексикалық Сауль Канело Альварестен жеңіліп қалған еді.

https://turkystan.kz/article/245309-golovkin-kelesi-zhekpe-zhegine-katysty-m-limdeme-zhasady

Leave A Reply

Your email address will not be published.