Талап қоюды қайтару негіздері

151

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі — ӘРПК) 3-бабымен мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастар, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібі реттеледі.

Бұл мақалада әкімшілік рәсім сияқты маңыздыинститутқа тоқталып, әкімшілік рәсім ұғымынанбастау қажет деп есептейміз.

Заң шығарушы ӘРПК-нің 4-бабының 1 бөлігінің 8) тармақшасында әкімшілік рәсімәкімшілікорганның, лауазымды адамның әкімшілік істіқарау, ол бойынша шешімді қабылдау жәнеорындау жөніндегі, жолданым негізінде немесе өзбастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақоңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзегеасырылатын қызмет екенін анықтады.

«Әкімшілік рәсім» деген сәл өзгеше ұғымӘкімшілік рәсімдер туралы ҚазақстанРеспубликасының заңында енгізілген болатын, ол2021 жылғы 1 шілдеде ӘРПК қабылдануыменкүшін жойды.

Болған өзгерістер азаматтар мен заңдытұлғалардың өтініштерін қарау бойынша да нақтытәртіпті айқындауға мүмкіндік береді, бұлазаматтардың өз мүдделерін неғұрлым тиімдіқорғауына, ал әкімшілік органдар мен лауазымдыадамдар тарапынан заң шеңберіндегі іс-қимылғаықпал етеді, бұл халықтың мемлекетке деген сенімдеңгейін арттыруға алып келеді.

Әкімшілік органдар, лауазымды адамдар өздерініңміндеттері мен функцияларын орындау шеңберіндеолардың және жеке тұлғалардың арасындағықатынастардың жиынтығы қарау объектісі болыптабылады.

ӘРПК-нің 6-бабында әкімшілік рәсімдер мынадайқағидаттар негізінде жүзеге асырылатыныбекітілген: заңдылық қағидаты. Бұл қағидаәкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілікрәсімді жүзеге асыруы кезіндегі заңдылықтыкөздейді. Әкімшілік іске қатысушылардыңәрқайсысына олардың әкімшілік істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеугеқұқықтарын іске асыруына тең мүмкіндік пен жағдайды қамтамасыз ету бекітілген әділеттілікқағидаты; бұзылған немесе дау айтылатынқұқықтарын, бостандықтарын немесе заңдымүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленгентәртіппен әкімшілік органға, лауазымды адамғанемесе сотқа жүгінуге құқылы құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғауқағидаты; әкімшілік орган, лауазымды адамәкімшілік қалауды жүзеге асыру кезінде әкімшілікрәсімге қатысушы мен қоғам мүдделерінің әділтеңгерімін қамтамасыз ететін мөлшерлестікқағидаты.

Заңнамадағы новелла мынадай қағидаттар болды: әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілікқалауды Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында белгіленген шектерде жүзегеасыруға міндетті болатын әкімшілік қалауды жүзегеасыру шектері қағидаты; ҚазақстанРеспубликасының әкімшілік рәсімдер туралызаңнамасындағы барлық күмәндар, қайшылықтармен көмескіліктер әкімшілік рәсімге қатысушыныңпайдасына түсіндіріледі деген құқықтарбасымдығының қағидаты; сенім құқығын қорғауқағидаты әкімшілік орган, лауазымды адам немесесот Қазақстан Республикасының заңнамасынасәйкес теріс деп белгілемейінше Әкімшілік рәсімгеқатысушының әкімшілік органның, лауазымдыадамның қызметіне сенімін қорғауды көздейді, бірақ бұл жағдайда сенім құқығы заңсыз әрекеттержасауға (әрекетсіздік танытуға) негіз бола алмайтынын есте ұстаған жөн; формальдыталаптарды теріс пайдалануға тыйым салу қағидаретінде әкімшілік органның, лауазымды адамныңәкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іскеасырудан бас тартуына, шектеуіне, тоқтатуына, сондай-ақ оған Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында белгіленбеген талаптарды сақтаумақсатында міндет жүктеуіне тыйым салады; әкімшілік рәсімді жүзеге асыру кезінде әкімшілікрәсімге қатысушы ұсынған материалдар, объектілер, құжаттар мен мәліметтер әкімшілікорган, лауазымды адам теріс деп белгілемейінше, анық деп есептелетіні бекітілген анықтықпрезумпциясы қағидаты да маңызды болыптабылады.

Осы қағидаттарды сақтау өте маңызды мәнге ие, өйткені ӘРПКК-нің 6-бабына сәйкес, әкімшілікрәсімдердің және әкімшілік сот ісін жүргізудіңқағидаттарын бұзу оның сипатына және елеуліболуына қарай әкімшілік актілерді, әкімшілікәрекеттерді (әрекетсіздікті) заңсыз деп тануға, сондай-ақ шығарылған сот актілерінің күшінжоюға алып келуі мүмкін.

ӘРПК-нің 62-бабында көзделгендей, әкімшілікрәсімді қозғау үшін жолданым немесе әкімшілікорганның, лауазымды адамның бастамасы негізболып табылады.

Жолданым ӘРПК-те белгіленген талаптарға сәйкескелмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымдыадам арыз иесіне жүгіну қандай талаптарға сайкелмейтінін көрсетеді және оны талаптарға сәйкескелтіру үшін ақылға қонымды мерзімді белгілейді.

Жолданымды қарау өкілеттігіне кірмейтінәкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскенжолданым, әкімшілік рәсімге қатысушыға бірмезгілде хабардар ете (хабарлай) отырып, уәкілеттіәкімшілік органға, лауазымды адамға жолданады.

Бұл өте маңызды, өйткені жолданымды шешу үшінведомстволық бағыныстылықты дұрыс анықтаужәне әкімшілік рәсімнің қағидаттарын сақтауәкімшілік органдардың немесе лауазымдыадамдардың әрекеттеріне сот тәртібіменшағымдануды болдырмауға әкеледі.

Заңда бекітілген және жоғарыда келтірілгеннормалар өтініштерді қараудың нақты тәртібінанықтауға және азаматтарға өз мүдделерін тиімдіқорғауға мүмкіндік береді, ал әкімшілікоргандарды заң шеңберінде қатаң әрекет етугемәжбүр етеді.

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының әкімші  басшысы    Қ.Есіркепов

Leave A Reply

Your email address will not be published.