Дзюдодан Азия чемпионы Дидар Хамза Түркістан облысында басшылық қызметке тағайындалды. Бұл туралы Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.
«Дидар Хамза Түркістан облыстық спорт басқармасына қарасты Түркістан қалалық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып тағайындалды», — делінген мәлімдемеде.
Айта кетейік, Дидар Хамза – 2018 жылғы Азия чемпионы, Рио (2016) және Токио (2021) Олимпиадаларының қатысушысы, Гран-при, «Үлкен дулыға» турнирлерінің жүлдегері. Еске салайық, Дидар Хамза 2023 жылы Қытайда өткен Азия ойындарынан кейін кәсіби мансабын аяқтаған еді. Бірақ биыл ұлттық құрамаға оралып, Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Grand Slam жарысына қатысты. 90 кг салмақта бақ сынаған ол жұбаныш белдесуінде жеңіліп, жүлдесіз қайтты.
https://turkystan.kz/article/245167-kazakstandyk-dziudoshy-basshylyk-kyzmetke-tagaiyndaldy