Заңды өкіл кәмелетке толмаған баланың әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жазаланды

300

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (әрі қарай – ӘҚБтК) 127-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша азаматша Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, азаматша Т.-нің жасы кәмелетке толмаған баласы С. Семей-Қызылорда бағытында өтіп бара жатқан жолаушылар пойызына тас лақтырып, N7 вагонның сыртқы әйнегін сындырып, жалпы сомасы 37 230,85 теңге материалдық шығын келтірген.            Өз кезегінде С.-ның жасы 16-ға толмағандықтан, оның заңды өкілі азаматша Т.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотта Т.-ның ата-аналық міндеттерін тиісті түрде орындамағандарының салдарынан оның жасы кәмелетке толмаған баласы әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана әрекеті жасағаны іске тіркелген құжаттармен толық дәлелденді.

ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігіне сәйкес, жасалынған құқық бұзушылық үшін жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеліп соғады.

Сот қаулысымен азаматша Т. ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 14 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды, ол 51 688 (елу бір мың алты жүз сексен сегіз) теңгені құрады.

 

Қаулы заңды күшіне енген.

 

Өз тілшіміз.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.