«Уақытша рұқсат етілді»: Елордада полицейлері жүргізушілерге үндеу жасады

115
«Уақытша рұқсат етілді»: Елордада полицейлері жүргізушілерге үндеу жасады
 istockphoto.com

Елордалық полиция департаменті көлік жүргізушілеріне үндеу жасады. Ведомствоның ақпаратынша, жүргізушілерге қаланың кейбір көшелерінде автобус жолағына шығып, жол қозғалысын жалғастыруға уақытша рұқсат етілді.

«Елорданың магистральдық көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары – көлік жолының бойына асфальт төселіп, жол белгілері қойылып жатқандықтан, автокөліктердің қозғалысы уақытша шектеледі. Осылайша көлік жүктемесін төмендету мақсатында биыл 19 маусым мен 1 шілде аралығында Ш.Бейсекова, Ш. Айтматов көшелерінің бойында Ш. Қосшығұлұлы көшесінен Ж. Молдағалиев көшесіне дейін «Сергек» камераларымен автобус жолақтары бойынша қозғалысты тіркеу уақытша тоқтатылды», — делінген хабарламада.

Полицейлер елорда жолдарындағы жоспарланған өзгерістерге түсіністікпен қарауға шақырды.

«Өз қауіпсіздігіңіз үшін жылдамдық режимін сақтауды және көшелердің жабық учаскелерін ескеріп, өз бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», — деп жазды ведомство баспасөз қызметінің өкілдері.

https://turkystan.kz/article/244852-uakytsha-ruk-sat-etildi-elordada-politseileri-zhurgizushilerge-undeu-zhasady

Leave A Reply

Your email address will not be published.