Алматы-Қорғас тас жолында шағын автобус аударылып кетті

102

Алматы-Қорғас тас жолында шағын автобус аударылып кетті
 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

12 маусымда Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 105 шақырымында адам өліміне әкелген жол апаты болды.

Алматы облысы полициясының мәліметінше, Toyota Hiace жүргізушісі рульді басқара алмай, көліктің аударылуына жол берді.

«Апат салдарынан төрт жолаушы жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты. Жүргізуші мен тағы екі жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды.Аталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады ПД.

https://turkystan.kz/article/244464-almaty-korgas-tas-zholynda-shagyn-avtobus-audarylyp-ketti

Leave A Reply

Your email address will not be published.